Жастармен кездесу

Қазақстан Республикасының парламенті мәжілісінің депутаты Абасов Қайнар Бегалыұлымен “Сырдария” университетінің студенттерімен кездесті. 
Кездесуде ел-ертеңі жастардың қолында екендігі айтылды. Жастар өздерінің ауқымды жұмыстарымен, қарқынды қимылдарымен, еліміздің өсіп-өркендеуіне, гүлденуіне үлкен үлес қосып жүрген жас буындардың бірі болу қажеттілігі түсіндірілді.
Жастардың бүгінде қоғамдағы қозғаушы күшке айналғандығы, сонымен қатар қазіргі таңда елімізде жастар саясатына ерекше көңіл бөлініп жатыр. Әрбір жаңа ұрпақ өмірге өзімен бірге жаңа леп, жаңа ахуалды қоса әкеледі. Кездесу еркін форматта өтті. Студенттеріміз өздеріне қызық болған сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар ала алды. Кездесу жоғары деңгейде өтті. 
 

Теги:

Оқиға категориялары