«Тиімді түйіндеме» семинар

Әр оқу орнының мақсаты- студенттерінің сапалы біліммен жұмысқа орналасуы. Осы бағытта бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу қабілетін арттыру бағытында түрлі сала мамандарымен «ТИІМДІ РЕЗЮМЕ» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Шараға «Жастарды жұмысқа орналастыру бойынша мемлекет тарапынан қолдау» Тұран ауданы бойынша мансаптық орталығының жұмыспен қамту бөлімінің басшысы – Шымкентбаев Нұрбол Мұратүлы, Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейінің директоры – Саржанова Жанар Ержановна, Мансап және жұмыспен қамту орталығының басшысы – Халикова Роза Орунбасаровна, Академиялық оқыту департаментінің басшысы – Оралбекова Алия Құрбанқызы қатысып, студенттермен өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу барысында түйіндемені дұрыс әзірлеудің негізгі ережелері, түйіндеме неден тұрады және оны қалай әзірлеу қажет туралы мастер-класс өтті.
 

Оқиға категориялары