Құрметті ТАЛАПКЕР!

Тәшенев университетінің Қабылдау комиссиясы өз жұмысын 2023 жылдың 20  маусымынан бастады.
Тәшенев университеті келесі 5 БББ (мамандық) бойынша шығармашылық емтихандарды өткізіп, талапкерлерді оқуға қабылдай алады:
1. 6В02111 Сән индустриясы (50 балл)
2. 6В01402 Музыка мұғалімдерін даярлау (75 балл)
3.6В01403 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау (75 балл)
4. 6В01401 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау * (75 балл)

Шығармашылық емтихандарды тапсыру үшін түсушілерден өтініштер 2023 жылдың 7 шілдесіне дейін қабылданады. Өтінімдер ҚР ҰТО орталықтандырылған ақпараттық базасына тіркеледі. Сол себепті кешіккен өтініштер ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ. 
Түсіндірме:
Шығармашылық емтихандарды тапсырушы түлектер тек екі пәннен ҰБТ тапсырады. Олар: "Қазақстан тарихы"
"Оқу сауаттылығы"
Екі бейіндік пәннен шығармашылық емтихандар тапсырады.
Егер, өзге БББ түсу мақсатында 5 пәннен ҰБТ тапсырып, шекті балды (50 не 75) жинай алмаған талапкерлер жоғарыда көрсетілген екі пәні бойынша 5 балдан кем емес балл жинаған жағдайда шығармашылық емтихандар тапсырады алады.

Құрметпен, Тәшенев университетінің Қабылдау комиссиясы
 

Теги: