Диплом алу — әрбір жастың алаулаған арманы

Оқуға түсіп, қолдарына диплом алу — әрбір жастың алаулаған арманы, үкілеген үміті. Қазіргі таңда «Сырдария» университетінің «Дизайн және өнер» факультетін бітіруші түлектер дәл осындай шаттыққа кенелуде.
Игілікті шараға факультет ұстаздары, профессор-оқытушылар құрамы, ата-аналар қатысты. Қалай десек те, бұл күн биылғы университет бітіріп, үлкен өмірге қанат қаққан түлектердің есінде ұзақ сақталмақ.
Шара барысында ата-аналар да сапалы білім мен тағылымды тәрбие берген ұжымға алғыстарын білдірді. Өз кезегінде ата-аналар атынан сөйлеген, Ұлбосын апай университет ұжымына жылы лебізін жеткізіп, жас маман иелеріне алдағы жолдарың даңғыл болсын деген ізгі тілегін арнады.
Салтанатты шараның шымылдығын факультет деканы Ұлданай Әлібекқызы ашты. Құттықтау сөзге және диплом табыстау рәсіміне Университет Тәрбие істері жөніндегі проректор Замзагүл Айнабекқызы, факультет ұстазы ҚР Мәдениет қайраткері Бөрі Иса жастарға игі тілектерін тілеп диплом табыстады.
Бүгінгі диплом алып отырған білім ордасының түлектеріне «Жарқын өмiрге басқан қадамдарыңыз, алған дипломдарыңыз құтты болсын!» деп тілек білдіреміз. Сондай-ақ, диплом табыстау шарасына арнайы келген Ата-аналардың қуаныштарына ортақтасып, факультет ұжымы атынан алғыс білдіреміз.
Құрметті бітіруші түлектері!
Болашақтағы үлкен өмір жолында білім берген ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыздың еңбегін ақтап, университеттен алған білімдеріңізді тек ел игілігіне жаратыңыздар.
Еңбек майданында жақсы жетістіктермен көріне берулеріңізге шын жүректен тілектеспіз!
Ұзақ өмір айдынында басқан қадамдарыңыз сәтті, жолдарыңыз ақ болсын!
Келешектерің кемел, болашақ нұрлы болсын!
 

Оқиға категориялары