«Музыка сабағын инновациялық тәсілдер арқылы жандандыра отырып пәнаралық байланыс орнату» атты тақырыпта шебер сыныбы

«Ж.А.Тәшенев атындағы университеті»АҚ «Өнер және спорт» факультеті «Саз және ән» кафедрасының ҚР мәдениет қайраткері, магистрант, аға оқытушы Қайнарбаева Айгүл Қалмаханқызының 27.11.2024 күні Гагарин көшесі-22 А корпусында  университет оқытушыларына арналған «Музыка сабағын инновациялық тәсілдер арқылы жандандыра отырып пәнаралық байланыс орнату» атты тақырыпта шебер сыныбы өткізілді. «Өнер және спорт»факультетінің деканы Л.М.Әліпұлы және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің, «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау»,«Мектепке дейінгі оқыту және психология», «Педагогика және бастауышты оқытудың әдістемесі» кафедраларының оқытушылары келіп қатынасты.Оқытушы семинарға келген қонақтарды түрлі қаламсаптарды тарату арқылы, түстеп үш топқа бөліп алып, 5 тренд әдісі бойынша шебер сыныпты бастады.
1. Ұйымдасқан ұтады (Топқа бөлу) 
2. Тіл- буынсыз, ой-түпсіз(С.Т.О).
3. Білім-тренд, тәрбие бренд. (жаңа сабақ).
4. Ән-көңілдің ажары (Ән шашу).
5. «Қоштасу» аялдамасы. (кері байланыс)
Топтың атын анықтау үшін 3 кинофильмде орындалатын әннің үзіндісі орындалып тапқан топтар Гәкку, Ұландар, Махамбет деп аталды.Бөлінген топтармен музыка сабағын пәнаралық жаңа әдіспен байланыстыру мақсатында Музыка және әдебиет «Музыка – жүрек тілі»-эссе жазу, Музыка және қазақ тілі-әннің ұйқасын табу, орындау, орыс және ағылшын тілдеріне аудару, Музыка және бейнелеу-үнтаспадан қойылған шығарманы тыңдай отырып, сол музыкалық шығарманың мағынасы мен мазмұнын суреттеу, сол музыкаға ат қою, егер де мен композитор болсам, Музыка және география-табиғатқа арналған әндердің атын авторлары мен  бірге табу, Музыка және театр-бір мезетте бірнеше әншілермен бірге әртүрлі ән орындау, Музыка және хореография-қазақ оюларын би элементтері арқылы көрсету, Музыка және тарих-тарихи әндерге шолу, орындау тапсырмалары жүргізілді. Үш топта өте тамаша белсенділік танытып, семинар тартымды әрі қызықты өтті.
 

Оқиға категориялары