"Fashion style"

Өнер адамды асқақ сезімге бөлеп, жан дүниесін нұрландыра түсетін құдірет. Ол өмірді кемелдендіріп, ізгілік шуағын таратады.
Өнер арқылы адам өзінің өмірге деген ерекше құштарлығын, сүйіспеншілігін білдіреді және өзге адамдардың да өмірге деген көзқарасына ықпал етеді.
Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де өнер. 
Сән – әлеуметтік, экономикалық құбылыс. Адам қоғамының дамуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады. 
Сән әлеміне кіргісі келетіндердің бір ғана мұраты мен мақсаты болады. Ол өзіңнің формаңды табу, яғни сән үлгілері арқылы өзіңнің талғамыңды, көзқарасыңды таныту. 
«Спорт және өнер» факультетінің 6В01403- Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау және 6В02101- Дизайн білім беру бағдарламасының студенттері дәстүрлі өтетін «Fashion style» атты шығармашылық кеші болып өтті.
6В01403- Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау және 6В02101- Дизайн білім беру бағдарламасының бармақтарынан бал тамған, шебер қыздарымыз тек матадан ғана емес қағаздан, клёнкадан, мақтадан, маскадан, дастарханнан, тіпті дискеттен де киім коллекцияларын шығарды. 
«Глазурь», «Берегиня», «Paper dress», «Прет-а-порте», «Rai», «Сосоно Ханбок» атты коллекцияларды шығарды. Он саусағынан бал тамған шебер қыздарымызға шығармашылық табыстар тілейміз.
 

Оқиға категориялары