Үздік өлкетанушымен кездесу

Syrdariya University білім алушылары 25 наурыз күні, «Turan Tv» арнасының редакторы, тарихшы-мұражайшы, Үздік өлкетанушы Ерлан Сыздықпен кездесу өткізді.

Студенттер мен өлкетанушының сұхбаты өте қызықты өтті. Ерлан Сыздық жастарға өзінің өз саласындағы алғашқы қадамдары мен ең бірінші жетістіктері туралы, тарихи, мәдени орындарды зерттеудегі тәжірибесі, әр түрлі тарихи деректі фильмдерінің жетістігі туралы айтып берді. Сондай-ақ, студенттер зерттеу кезінде болған қиындықтар мен қызық оқиғаларын қызыға тыңдады.

Бұл кездесу біздің университет үшін өте ерекше шара деп білемін. Тарихшының келуін біз бірнеше күн қатарынан тағатсыздана күттік. Осы сұхбат студенттердің есінде мәңгі сақталып қалатын болар. Себебі, фильмдерді көрген бір бөлек, ал өлкетанушыға тікелей сұрақ қоюдың әсері мүлдем басқаша, – деді кездесуге қатысушы студенттер.

Кездесуден соң, студенттер үздік өлкетанушымен бірге суретке түсті. Ерлан Сыдық жақын арада Түркістан облысының тарихи-киелі орындарына бірге экскурсияға шығуға шақырды.