Күлия Айдарбековамен кездесу

  2024 жылдың 24 қазанында  Жұмабек Тәшенев университетінің «Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен   «Құрмет» орденінің иегері, Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби сыйлық пен М.Х.Дулати атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың иегері, ҚР мәдениет қайраткері, журналист, жазушы, Төле би ауданының Құрметті азаматы - Күлия Айдарбековамен кездесу кеші өтті.  
        Кеште жазушы, журналист Күлия Айдарбекованың шығармашылығымен танысып,  «Әкеге құрмет», «Анаға тағзым, «Қазақ қызы», «Бай ата»  кітаптарын зерделеп, қоғамға сіңірген еңбектерін насихаттап, жастардың адамгершілік, құрмет қасиеттерін арттыра отырып, тілге, отанға, рухани ұлттық мұраларға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыратын сұхбат жүргізілді. 
      Кездесу кешіне  «Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» факультетінің  оқытушылары, студенттері қатысып, ата-анаға құрмет, перзент парызы, сонымен қатар, шет елдерге сапары жайлы естеліктерді асқан қызығушылықпен тыңдап, сауалдарын қойып,  үлкен тағылымды, өнегілі тәлім-тәрбие алды.
 

Оқиға категориялары