Халықаралық ғылыми-практикалық NEO конференция
- 1 view
Ж.Тәшенев университетінің 25 жылдығы қарсаңында Ташенев оқулары: «Білім мен ғылымды дамытудың өзекті трендтері мен перспективалық бағыттары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық NEO конференция өтті.
Тәшенев оқулары: «Білім мен ғылымды дамытудың өзекті трендтері мен перспективалық бағыттары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық NEO конференцияға алыс-жақын аймақтардан арнайы әріптес қонақтарымыз келді.
Олардың қатарында: Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясының ректоры, профессор - Тохтасимов Шухрат Махмутович, Әндижан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры профессор, п.ғ.д - Расулов Бахтияр Махмуджанович, А. Навои атындағы Ташкент мемлекеттiк өзбек тілі мен әдебиеті университетінің ректоры, профессор, ф.ғ.д - Сирожиддинов Шухрат Самариддинович, Түркия мемлекеті, Анкара қаласы, Гази университетің профессоры – Халил Ибрахим Булбул және онлайн Ұлыбритания мен Санк-Петербург, Қазақстан қалаларынан қатысты.
Халықаралық ғылыми-практикалық NEO конференция аясында Қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша пленарлық отырыстар өткізіліп, маңызды ғылыми тақырыптар: «Ж.А.Ташеневтің тарихи тағылымдарын зерттеу – ұрпақ санасына рухани азық бағыты», «Заманауи білім беру тәжірибесіндегі перспективалық технологиялар мен әдістер бағыты», «Қазіргі ғылымның жаһандануы және интернационализациясы бағыты», «Жаһандық сын-қатерлер контекстіндегі қоғамның, экономиканың және құқықтың өзекті мәселелері» тақырыптары кеңінен талқыланды.
Пленарлық отырыста «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы заманауи теориялық және әдіснамалық зерттеулер бағыты», «Тұрақты даму: ветеринария, ауыл шаруашылығы, аграрлық техника және экология бағыты», «Білім беру форсайт саласындағы халықаралық тәжірибе бағыты» тақырыптарында арнайы баяндамалар тыңдалып, кеңінен талқыға түсті.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет