ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ШАРА
- 1 view
ЖҰМАБЕК АХМЕТҰЛЫ ТӘШЕНЕВТЫҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ШАРА
20 ақпанда «ІТ және шетел тілдері» факультетінің «Ағылшын тілі» кафедрасы жастардың интеллектуалды мәдениетін дамытуға бағытталған ерекше іс-шара өткізді. Бұл басқосу атақты мемлекет қайраткері Жұмабек Ахметұлы Ташеневтің 110 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Негізгі мақсат – жастарға интеллектуалды мәдениеттің маңызын түсіндіру, олардың шығармашылық ойлауын дамыту және қоғамда өз орнын табуға көмектесу.
Іс-шара барысында студенттер интеллектуалдық сайысқа қатысып, білімдерін сынап көрді. Олар әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмаларды орындап, өздерінің тапқырлығы мен білімдерін ортаға салды.
Филология ғылымдарының кандидаты, факультет деканы Ж.Н. Ботабаева студенттерге жылы лебізін білдіріп, интеллектуалды дамудың маңыздылығын атап өтті:
«Білім мен мәдениет – адам өміріндегі басты құндылықтар. Интеллектуалды мәдениет тек білімділікпен шектелмейді, ол адамның ой-өрісін кеңейтетін, тұлғалық дамуын қалыптастыратын күш. Жастарымыз осы бағытта жетіле түсетініне сенемін!»
Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған Э.П. Арысбаева қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығына ерекше назар аударды.
Шара соңында студенттер өзара пікір алмасып, мұндай зияткерлік кездесулердің жиі өткізілуі қажеттігі туралы ойларын білдірді.
Интеллектуалды мәдениет – тұлғаның даму жолындағы басты қадам!
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
Жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет