«Advance» Educational center» біліктілікті арттыру курсы
- 1 view
2024 жылы 16 қыркүйектен 18 қазан аралығында Жумабек Ахметұлы Ташенев атындағы университеттің профессор-оқытушылар құрамы Алматы қаласында 72 сағат көлемінде оқылатын пәндер бойынша «Educational Center «Advance» біліктілікті арттыру курсынан өтті. Курс «Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының пәндері бойынша коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған.
Курс нәтижелері бойынша білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдер мен әдістер: коммуникативтік әдістеме, жобалық оқыту, сыни ойлау әдісі, ойын және интерактивті технологияларды қолдану (кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру) зерттеліп, бұл оқу үдерісінде басқарушылық шешімдер қабылдау технологиясын көрсететін кейс әзірлеу дағдыларын жетілдіруді қамтамасыз етті.