«Мектепте футболдан сабақ жүргізуді ұйымдастыру және әдістемесі» ашық сабақ

18.03.2025 жыл күні Tashenev University-де «Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Муталиев Бекарыс Турдикулович «Базалық спорт түрлері оқыту теориясы» пәні бойынша Фк-22-1к4, тобына «Мектепте футболдан сабақ жүргізуді ұйымдастыру және әдістемесі» тақырыбында ашық сабағын өтті.
Қазіргі уақытта мектепте сабақтың тиімділігін арттырудағы жаңа технологиялар қолдана білудің ерекшеліңтері түсіндірілді. Сабақ барысында оқытушы қазіргі таңдағы жаңа спорт құралдары жайында жақсы түсіндірме жұмыстарын алып барды. Дәріс барысында студенттерге тапсырмалар, дидактикалық ойын элементтері ұсынылды.
Сонымен қатар, студенттердің есте сақтау қабілетін дамыту және материалды бекіту мақсатында командалық сайыстар ұйымдастырылды. Әр студент ойын арқылы жаңа білімді игеріп, белсенді қатысып, өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік алды.
Кафедра оқытушылар құрамы сабаққа қатысып, оқу процесінде студенттердің танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттырудағы тиімділігін атап өтті.
 

Оқиға категориялары