БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН ОҚУ ОРНЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТҚАНДАР КӨП

Tashenev University Халықаралық қатынастар және шетел студенттерімен жұмыс атқару департаментінің директоры Шахло Наралиева Түркістан қаласындағы және Сайрам ауданындағы мектеп бітірушілерімен кездесу ұйымдастырды. 
Түркістан қаласындағы №2 Хамза атындағы жалпы білім беру ордасына киелі шаһардағы 250-ге жуық мектеп бітіруші түлектері жиналды. Ал Сайрам ауданындағы З.Фурқат атындағы №42 мектеп базасына 200-ден астам түлектер бас қосты. Шахло Жамалқызы оқушыларға кәсіби бағдар аясында университетіміздің құрылу тарихы, білім беру бағдарламалары, оқытушы-профессорлар құрамы жөнінде кең мағлұмат берді. 
Көпсалалы университетімізде педагогикалық бағыттан бөлек ауылшаруашылық, техникалық мамандықтардың да бар екені айтылды. Жаңа Қазақстандағы жаңашыл оқу орнының көкжиегі кең, болашағы зор. Мұнда бакалавриат бойынша 34, магистратура бойынша 6 мамандықты игеріп шығу қарастырылған. Қос дипломды жүйе негізінде 5 шет ел мемлекетімен келісім шарт жасалған. 
Кездесуге жиналған оқушылар келешегі кемел оқу орнымызға деген қызығушылығын білдіріп жатты.