Теңге күні аталып өтті

15 Қараша – Қаржыгерлер және Ұлттық валюта күні. Осынау атаулы күнге орай Tashenev University конференция залында «Экономика және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен «Форте банк» АҚ менеджерлерінің қатысуымен басқосу жиыны өтті. Банктің бас менеджерлері Нұржан Исаев, Берік Апбазов, Никита Шишиков экономикалық білім беру бағытындағы студенттермен еркін форматта әңгіме жүргізіп, олармен пікір алмасты.
Мерекелік іс-шара аясында өткізілген кездесуде кафедраның білім алушылары Жангелді Ашимов, Лиана Мусаева Лиана және Диера Алиназарова ұлттық валютамызға арналған үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) дайындап келген баяндамаларын оқыды.
Банк қызметкерлерімен өткен басқосу студенттер үшін өте қызықты, әрі пайдалы болды. Білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, мұндай кездесулердің жиі өтуіне ұсыныс білдірді.
 

Теги: