«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» ашық тәрбие сағат
- 1 view
Ж.А.Тәшенев атындағы университеті, «Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедрасының оқытушысы А.А.Жапсар ПИК 24-7к тобында 14.10.2024 күні «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты:
Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру;
саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Міндеттері: Студенттерге сыбайлас жемқорлықтың не екенін, оның қоғамдағы, экономикадағы және жеке адамдардың өміріне тигізетін зиянын түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен салдарын талқылап, оны болдырмаудың маңыздылығын көрсету, студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз жауапкершілігін түсіндіру, жеке тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қандай рөл атқаратындарын көрсету, студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстарға, жобаларға, еріктілік қызметтерге тарту, студенттердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіре отырып, оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ынталандыру.
Қорытынды: Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдермен айығуды міндет етіп қойдық. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Құрметті студенттер,әрқашан да адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар. Адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Сол өмірді әр жылын жарық күнде, бейбіт өмірде өткізу бәріміздің міндетіміз!
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет