Нархоз университетінің менеджері Наталья Радько дәріс оқыды

Ішкі академиялық ұтқырлық мақсатына орай Нархоз университеті Қолданбалы зерттеу институтының менеджері Радько Наталья "Жас ғалымдар" кеңесі мүшелеріне "Оқытушылардың зерттеушілік қызметін қалай дамытуға болады: Нархоз университетінің тәжірибесі бойынша" тақырыбында дәріс оқыды.

Кездесу барысында университетің жас ғалымдарынан ғылымға бастайтын мотивациялар жөнінде сауалдар жолдап, соның нәтижесімен ой бөлісті.

Нархоз университетінің Қолданбалы зерттеу институты бірлескен ғылыми жобалар, ғылыми зерттеулер бойынша институтционалды, қолданбалы, функционалды бағытта жұмысты ұйымдастыратын стратегиялық қолдау орталығы екенін атап өтті Наталья Радько.

Ғылыми зерттеу негізінде грантқа өтінім беру семинарларын ұйымдастыру, зерттеу есептерін даярлау, ғылыми журналдарды жарыққа шығару, әдебиеттер іздеу мен басқа тақырыптарды қарастыру мәселелеріне жас ғалымдардың назарын аударды. Бұл бағытта Нархоз университеті шетелдік жетекші ЖОО мамандарымен тығыз байланыста екенін, жоғары сапалы ғылыми шығарылымдардың санын арттыруға ат салысып жатқандарын айтып өтті.

Бүгінгі күннің ғылыми зерттеулеріндегі озық тәжірибесімен бөліскен институт менеджері жас ғалымдарға ғылыми жаңашылдықтар бойынша кеңес беруге қашан да әзір екенін жеткізді.

Оқиға категориялары