ХVI – Республикалық пәндік олимпиада

2024 жылдың 12 сәуір күні  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 6В03210 – «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында ХVI – Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.  Жұмабек Ахметұлы Тәшенев университетінің «Филология» факультетіне қарасты «Тілдер және әдебиет» кафедрасының 6В03201 – «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасының студенттерінен құралған  «Tashenev book keepers» командасы қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.  Студенттердің жеткен жетістігіне факультет оқытушылары қуана мерейленді.
Өркениетке жету кітап арқылы дарыса, кітапханашы мамандығы адамның рухани дүниесін байытады. Халқымыздың рухани мәдениеті мен байлығын сақтаушы кітапханашы мамандарын даярлауда Ж.А.Тәшенев университетінің қосар үлесі зор екенін сеніммен айта аламыз.