"Күзгі леп" атты шығармашылық сурет байқауы

«Спорт және өнер» факультеті «Өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Күзгі леп» атты шығармашылық сурет байқауы болып өтті.
Байқауға факультетіміздің 6В01402 - Музыка мұғалімдерін даярлау, 6В01403- Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау, 6В02101- Дизайн білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері қатысты. 
Мақсатымыз: білім алушылардың қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетін арттыру, әдемілік пен әсемдікке үйрету, ұқыптылық пен тазалыққа баулу.
6В01403- Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының студенті Расул Оразхан I, Әбдікәрім Айшабибі II, КеСМ-19 тобы студенті Дадаева Фодма III дәрежелі дипломмен, 6В02101- Дизайн білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Ханкулова Гузал II, Жураева Айдана III дәрежелі дипломмен марапатталды. Белсене қатысқан студенттерімізге алғысымыз шексіз, шығармашылық табыстар тілейміз.