ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАР ӨТІП ЖАТЫР

Универсиетімізде білім алуға ниетті талапкерлер шығармашылық емтихандардың күнтізбесіне сәйкес 11-12-13 шілде аралығында
6В01401-Денешынықтыру мұғалімдерін даярлау,
6В02101-Дизайн,
6В02111 - Сән индустриясы,
6В01403-Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау,
6В01402-Музыка мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламалары бойынша шығармашылық емтихан тапсырып жатыр.
Шығармашылық емтихан барысында оқуға құлшынған жастар комиссия мүшелерін түрлі таланттарымен тәнті етуде. Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау білім бағдарламасы негізінде бірінші мамандану, екінші жалпы дене даярлығы бойынша нормативтер тапсырды. Сол ситяқты сән индустриясында, дизайн, көркем еңбек мамандықтарына сай көрсетілген талап бойынша бағын сынап көруде.
Екінші шығармашылық емтиханнан соң өту балынан жоғары балл жинаған талапкерлер гранттық конкурсқа құжат тапсыра алады.