«Академиялық сурет» пәнінен ашық практикалық сабақ

11.04.2025ж. «Педагогика және өнер» факультетінің «Дизайн» кафедрасының аға оқытушысы Рахимов Бабур Фархадович Академиялық сурет пәнінен Пик 24-1к-3 тобының білім алушыларына «Графикалық суреттерді стильдеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 
Оқытушы сабаққа кіріспе жасап, дизайн және графика салаларындағы стиль және стильдеу тарихына кеңінен тоқталды. Әлемдік суретші, дизайнерлердің шығармашылық стильдерімен студенттерді таныстырды. 
Практикалық сабақтың шығармашылық процесінде студенттер Нидерландиялық суретші Винсент ван Гогтың «постимпрессионизм» стилінде акварель және гуаш бояларымен әртүрлі үлгіде эскиздер жасады. 
Ашық сабақ барысында оқытушы  мен студенттер арасында өзара шығармашылық байланыс орнатылып, сабақ қызықты, жоғары деңгейде өткізілді.
 

Оқиға категориялары