Балалар үйіне барып қайтты

Tashenev University ұжымы ізгілікті істердің ұйытқысы да болып келеді. Жабырқау жандарға қол ұшын созып, қамқорлық жасау универсиетет ішіндегі жоспарлы шаралардың бірі.
Кеше университетіміздің бірінші проректоры Ф. Байнеева бастаған оқу орнының әкімшілік құрамы Түркістан облысына қарасты өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында болып қайтты. Ата-ананың жан жылуы мен қамқорлығына зәру болып, тағдырдың жазуымен балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан әрбір бүлдіршінге арнайы дайындалған сыйлықтар жиынтығы таратылды. «Біздегі мақсат - балаларға заттай көмек көрсету ғана емес қамкөңіл жандарға мейірімділік, қуаныш сыйлау»,-деді Фарида Тұрғынбайқызы. Балаларға әр уақытта аспандары ашық, дендері сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларына тілектестік білдірді.
Универсиет ұжымы мұндай қайырымдылық шараларына жиі атсалысып тұрады.
 

Теги:

Оқиға категориялары