Сенбілік күні

Облыстың аудан, қала аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнінде 2021 жылдың наурыз-қазан айлары аралығында өткізілетін облыстық, аудандық сенбіліктердің жоспарына сәйкес, 2021 жылдың 10 сәуірі сенбілік күні болып жарияланды. Сенбіліктің мақсаты: қаланың шырайын әрлендіре түсіп, қаламызды үздік экологиялық таза аймаққа айналдыру, сонымен қатар жас ұрпақты еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, қаламыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға баулу. Қалыптасқан дәстүр бойынша «Сырдария» университетінің ұжымыда сенбілікке белсенді түрде қатысты. Бөлімдер, кафедралар өздеріне бекітілген аумақтарын тазалап, мекемелер маңайындағы ағаш түптерін қопсытты.
Шара соңында университет оқытушылары мен қызметкерлері естелік суреттерге түсті. Сөйтіп, білім ордасының ұжымы сүйікті қаламыздың абаттандыру ісіне өз үлестерін қосты.
Осындай ұжымдық шаралардың адамдарға үлкен әсер беріп, олардың бір-біріне деген сенімдерін ұштай түсері де анық.
 

Теги: