Экскурсиялық саяхат

«Сырдария» универсиеті, «Филология және гуманитарлық білім» факультеті, «Отан және шетел тарихы» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы, магистранттары мен студенттері Түркістан облысының мақта шаруашылығы тарихы музейіне барып, тағылымы мол тарихи мәліметтермен танымдық түйсіктерін толықтырып қайтты.
Кездесу барысында Түркістан облысының мақта шаруашылығы тарихы музейінің экскурсия жүрзушісі Бабашова Рая Муратқызы музейдегі этнографиялық экспонаттардың тарихы, жәдігерлердің танымдық рөлі, тарихи деректердің мәні мен музей экспозициясын насихаттауда оның танымдық-мәдени ілімінің халық өмірінде алатын рөлі жайлы баян етті. 
Экскурсия соңында білім алушылар тарихи-танымдық саяхат барысында өздеріне қажетті құнды деректерді бойына жинай алғандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар бұл экскурциялық саяхаттың негізінде тарихи жәдігерлерді жақыннан танып, тарихи жадымыздың жаңғыруына еселеп үлес қосқанына өте қуаныштымыз!
 

https://youtu.be/AFPXtw3SoqE

Теги: