Түлекпен жүздесу

Бүгін университет жастары оқу орнының түлегі, қазіргі Қазақстан Ұлттық телеарнасындағы "Жан жылуы" бағдарламасының тележүргізушісі Ақбаян Сапарбайқызымен кездесті. Сонымен қатар, Ұлттық арнадағы "Бірге таңдаймыз" бағдарламасын жүргізген, бүгінде "Қазақстан-Орал" телеарнасындағы "Нұрбигүлмен сырласу" бағдарламасының тележүргізуішісі, актриса Нұрбигүл Сағындыққызы студент-жастардың асыға күткен қонағы болды.

Студенттердің қызығушылығымен ұйымдастырылған шара еркін сұхбат түрінде болып, жастардың көкейлеріндегі сауалдар бойынша әңгіме өрбіді. Ақбаян Сапарбайқызы, Нұрбигүл Сағындыққызы осы күнге дейін қол жеткізген жетістіктері, оған жету жолындағы көлденең қиындықтармен қалай күрескендері жайлы сөз қозғап, жас өрендерді талмас еңбекке, шыдамдылыққа, алдына мақсат қоя біліп, соған жетуге ұмтылуға шақырды.

Кездесу соңында оқу орнының 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, университет құрылтайшысы Е.Сейілқызына өз алғысын білдірді.

Оқиға категориялары