Жастардың құқықтық сауаттылығы

Үстіміздегі жылдың 8-қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастардың құқықтық сауаттылығы мен профилактикасы» әлеуметтік жобасы аясында аудан жастарымен семинар-трениг болып өтті.

Әлеуметтік жобаның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Қазіргі қоғамда орын алып жатқан жастардың құқықтық мәселесіне назар аударған «ОҚО ауыл жастарының одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Байзахова Сабира Мұратқызы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Қылмыстық құқық, криминалистика» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Ибраев Жандос Ғабитұлы, АІІБ-ның жасөспірімдер ісімен айналысатын аға инспекторы, полиция капитаны Ерлан Сырлыбаев семинар-тренингке қатысушылармен пікір алмасып, студенттердің көкейіндегі сауалдарға жауап берді.

Еліміздің құқықтық мәдениетін дамыту үшін жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру маңызды фактор болып табылады.

Оқиға категориялары