«Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» туралы дәріс

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетте 2024 жылдың 7 қарашасы күні Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы - Альжанова Жазира Салхановнаның университетіміздің жастарымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» тыңдаушылар үшін өз есігін қайта ашқандығы, сонымен қатар бұл жоба жоғары оқу орындарының түлектеріне Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жұмысына қабылдануы туралы ақпараттармен қамтылды. Кездесу барысында  жастарға мектепке қабылдау кезеңдері мен оқу аяқталғаннан кейінгі мүмкіндіктері туралы да айтылды. Альжанова Жазира Салхановнаның айтуынша, Мемлекеттік қызметті таңдай отырып, басты мақсат – халыққа мінсіз қызмет ету екенін ұмытпау керек. 
Мемлекеттік қызмет саласындағы таным мен білімді кеңейту, құзыреттерді дамыту, әдептілік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы да түсіндірілді. 
 

Оқиға категориялары