Университетімізде қонақта!
- 1 view
Мемлекет басшысы оқу жылының алғашқы күні халыққа арнаған Жолдауында еліміздің болашағы жастарға, білім саласына ерекше көңіл бөлді. Маңызды мәселенің бірі – білім беру жүйесі туралы, бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады,-дей келіп, мемлекет тұрғысынан жас буынға көрсетілер қолдауларды саралады. Университетімізде қонақта болған «Аманат» партиясының Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов студенттермен кездесіп, Жолдаудағы жастар мәселесіне қатысты жәйттерге тоқталды. Оны жүзеге асыру төңірегінде пікірлесті.
Жолдаудың үшінші бағытында айтылған жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, олардың сапалы білім алуы мен жұмыспен қамтылуы және жас кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі мәлімдемелер сөз болды. Кездесу барысында Мұратәлі Оразалыұлы Мемлекет басшысы жастарға көп үміт артып отырғанын, әділетті қоғам құруда жас буынның рөлі айрықша екенін жеткізді.
–Дамыған елдердің тарихына үңілсеңіз алдымен жастарға көбірек көңіл бөліп, олардың саналы тәрбие мен сапалы білім беруді қолға алғанын байқаймыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Жаңа Қазақстанды құруда жас буынға үміт артқаны өз Жолдауында айқын көрініс тапты. Қазір жоғары оқу орнын аяқтаған жас түлектерді жұмысқа орналасу мәселесі алаңдататыны рас. Жастарға жан-жақты қолдау мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі екенін айтып, келесі жылы 100 мың жастың жұмыспен қамтылатынын жеткізді. Жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында оларға жеңілдетілген тәртіппен 2,5 пайыз болатын шағын несие берілетінін мәлімдеді. Алдағы уақытта еліміздегі шағын бизнесте жастардың тың бастамаларымен жаңа деңгейге көтерілетініне нық сенімдімін. Берекелі қоғамның бастауы, әділетті мемлекеттің негізі де жастар, - деді ол.
Сонымен бірге Жолдауда студенттердің жекелеген, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санаттары үшін пәтер жалдауға кететін шығынын субсидиялау мүмкіндігін де қарастыруға болатыны студенттерге жеткізілді.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет