7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

Бүгін Жұмабек Тәшенев университеті ұжымы “7 мамыр - Отан қорғаушылар күні”, “9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні” мерекелеріне орай, ел қорғауда ерліктің үлгісін көрсеткен батыр бабаларымыздың, даңқты аталарымыздың және жауынгер ағаларымыздың рухына тағзым ете отырып, салтанатты түрде “Мемлекеттік әнұран тыңдау” рәсімін өткізді. Шара барысында университет ректоры Қанат Сейітжанұлы Байболов ұжым қызметкерлері мен студент жастарды құттықтап, университеттің талантты жастарына Вице-президент, Академик О.Аяшевтың атынан алғыс хаттарды табыстады.