Қазақстанның аймақтық музыкалық дәстүрлерін зерттеуге қосқан үлесі үшін

Қазақстан жоғары оқу орындары арасында  өткізілген Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсында Sirdariya University «Дизайн және өнер» факультеті, «Өнер» кафедрасының 5В010600 – «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Мамадияр Мұстафаәли СҒЗЖ-2021 конкурстық комиссия шешімімен «Өнер» бағыты бойынша «Бөрі Исаның шығармашылық-ұстаздық тағлымы» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы негізінде «Қазақстанның аймақтық музыкалық дәстүрлерін зерттеуге қосқан үлесі үшін» Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының арнайы дипломына ие болды. Ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Г.Е.Кужагулова. Студентіміз Мамадияр Мұстафаәлиге Sirdariya University студенттерінің ғылыми-зерттеу қорына қосқан үлесі үшін «Өнер» кафедрасының профессор-оқытушылары атынан алғыс білдіреміз!