Мектеп бітіруші түлектермен кездесу

Sirdariya University «Дизайн және өнер» факультетінің «Өнер» кафедрасы 2021 жылдың  5 сәуір күні Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында орналасқан Қ.Үкібаев атындағы №37 жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Сырдария» университетінің білім мен ғылым жолындағы жетістіктері туралы ақпаратты оқушылар қызыға тыңдады. Бітіруші түлектер «Сырдария» университетінің тарихы мен бүгіні және болашағы туралы мәліметтермен таныса отырып, өздерінің университет туралы қонымды ойларын ортаға салды. Сонымен қатар қазіргі таңда білім мен ғылым саласында жоғары жетістіктерге жеткен университеттің түлектері туралы әңгімелер түлектер көңілінен шықты.