«Ғасырлар үні» web-семинар

05.02.2025 күні Ж.А.Тәшенев атындағы университеті «Кәсіптік білім және өнер» факультеті «Саз және ән» кафедрасының аға оқытушысы Қ.Р.мәдениет қайраткері, магистр Айгүл Қалмаханқызының ұйымдастыруымен «Ғасырлар үні» тақырыбында web- семинар откізілді.Семинарға факультет деканы,кафедра меңгерушілер мен оқытушылар және " Эстрада вокал","Музыкалық білім" мамандықтарының студенттері қатысты.Кеш қонағы Қ.Р.мәдениет қайраткері, Шымкент қаласының құрметті азаматы,ОАИУ-нің профессоры Сайлаубек Жақсыбеков  әрбір қазақтың көне аспаптарының дыбысталуын  өзі ойнап көрсетті және  аспаптардың шығу тарихын аңыз түрінде әдемелеп көпшілікке жеткізе білді.Экраннан қазақтың көне аспаптары жайлы деректі фильм көрсетіліп,тарихи музейлерден сыр шертілді. Сонай –ақ оқытушы  халық әндерін халық аспаптарында сүйемелдеу арқылы келген қонақтармен және студенттермен бірге орындап көрсетті.Web-семинар барысында халық куйлері орындалып,студенттер тарапынан сындарлы сұрақтарға жауап алынды.Web- семинар  өте тартымды әрі қызықты өтті.

Оқиға категориялары