Shymkent IT Hub: IT-менеджмент студенттерінің танымдық сапары

Ж.А.Тәшенев университетінің 6В04104 - IT менеджмент білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Шымкент IT Hub-тың құрылымымен танысуға арналған сапарын өткізді. Бұл іс-шара студенттерге IT саласындағы заманауи технологиялармен, инновациялық шешімдермен және стартаптардың даму процестерімен танысуға мүмкіндік берді.
Шымкент IT Hub – бұл IT-саласындағы жас мамандардың, кәсіпкерлердің және инноваторлардың идеяларын жүзеге асыруға арналған платформа. Осы орталықта студенттер IT-компаниялардың жұмыс принциптерін, проекттік басқарудың ерекшеліктерін және технологиялық трендтерді тереңірек түсінді. Сонымен қатар, олар IT-стартаптардың құрылуы мен дамуына қатысты тәжірибелі мамандардың баяндамаларын тыңдады.
Бұл сапар студенттерге IT-менеджмент саласындағы теориялық білімдерін практикамен толықтыруға, өз кәсіби дағдыларын жетілдіруге және болашақта өз бизнес-идеяларын жүзеге асыруға ынталандыруға мүмкіндік берді. Shymkent IT Hub-тың қызметкерлері студенттерге көмек көрсетіп, олардың барлық сұрақтарына толықтай жауап берді.
Осындай іс-шаралар студенттердің білім деңгейін көтеруге, өздерінің кәсіби бағыттарын анықтауға және IT-саласындағы инновациялармен танысуға үлкен ықпал етеді. Ж.А. Тәшенев университетінің студенттері Shymkent IT Hub-тың құрылымымен танысу арқылы өз білімдерін толықтырып, болашақта IT-менеджмент саласында табысты мамандарға айналуға ұмтылуда.
 

Оқиға категориялары