“Ұстаз аты биік әрі мәңгілік”

2021 жылы 4-қазанда  Сырдария университетінде Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты іс-шара өтті.
Басқарма төрағасы – ректор Бақыт Салманұлы Тоқмұрзаев ұстаздарды құттықтап,білім саласын дамытуға қосқан  зор үлесі мен педагогикалық қызметтегі шығармашылық табыстары мен жоғары біліктіліктері үшін Құрмет грамоталар және алғыс хаттармен марапаттады. 
«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов кешіміздің қадірлі қонағы болып, ұстаздарымызға ізгі тілектерін білдіріп, алғыс хаттарын табыстады.
Құрметті профессор оқытушылар, еңбектеріңіз еленіп, шәкірттеріңіз биік шыңдардан көріне берсін.
Ғылым, білім жолында табысты болыңыздар!
Мерекелеріңіз құтты болсын!

Теги: