KINOALEMГЕ саяхат

Кино өнері – өнердің бір түрі, әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді өнер. Фильмді жасауға әр алуан мамандықтағы творчество қызметкерлері кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор қатысады.
Кино өнері-өзіне тән мәнерлеу амалдары, көркемдеу тәсілдері, эстетикалық заңдары мен шығармашылық дәстүрлері бар дара өнер. Көріністі әр тұстан қамти бейнелеу, адам өмірі мен табиғат құбылыстарын нанымды көрсете алу, сондай-ақ кадрларды үйлестіре құрау тәсілінің тиімділігі кино өнерінің ақпараттық мүмкіндігін кеңейте түсуде.
Факультетіміздің 6В01403- Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау, 6В01402 - Музыка мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері бос уақыттарында «KINOALEM» кинотеатрына барып керемет туынды көріп қайтты.
Қаламызда кино әлемінің ашылуы жастар үшін өте қолжетімді себебі, бос уақытын жақсы өткізе алады. Кинотеатр атмосферасы арқылы сапалы сурет пен дыбыстың қызықты сюжетін тамашалауға болады.
Кино өнері арқылы жас ұрпақ ең жақсы жалпыадамзаттық қасиеттерді сіңіреді, адамгершілік, мейірімділік, мәдениеттілік пен азаматтық патриотизмді қалыптастырады.