СУРЕТТЕР ДЕ СӨЙЛЕЙДІ

«Жемқорлыққа жол жоқ» атты сурет байқауы «Дизайн және өнер» факультет студенттері арасында өтті. Бұл шараны өткізудегі мақсат студенттерді адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету.

Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын сыбайлас жемқорлық саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

«Дизайн», «Бейнелеу өнері және сызу», «Көркем еңбек және сызу» білім беру бағдарламасы студенттері сурет байқауына белсене атсалысты. Әрбір туынды студенттердің ой қиялынан шыққан. Кез келген суретке қарап жемқорлық адам баласын жақсылыққа апармайтынын түсінуге болады.

Жемқорлықтың адам баласына пайда әкелмейтінін, оның зияны мен зардабын сурет арқылы студенттер анық бейнелеп көрсеткен. Үздік деп табылған студенттерімізге диплом табысталды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, қоғамда белсенді болып, қоғам індетімен бірге күресе білуге үйрету маңызды міндет екендігін естен шығармауымыз керек.
 

Оқиға категориялары