Білім және жастар

Бүгін университетімізде 1 қыркүйек – Білім күніне арналған дәстүрлі «Білім және жастар» атты салтанатты шара еліміздегі және әлемдегі қазіргі жағдайға байланысты онлайн форматта өтті.

Шараға білім алушылар мен профессор-оқытушылар, қызметкерлер қатысты.

Салтанатты жиында университет ректоры м.а. философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор  
Тоқмұрзаев Бақыт Салманұлы бірінші курс студенттерін Білім күнімен құттықтап, болашақ білімді, мәдениетті, алғыр жастардың қолында екендігін айтып өтті.

«Заңтану және экономика» факультетінің деканы, заң ғылымдарының  кандидаты Ынтымақов Советжан Арғынбайұлы қазіргі уақытта еліміздің әр өңірінде жауапты қызмет атқарып жатқан университет түлектерімен мақтанатынымызды ұмыт қалдырмады.

Жаратылыстану   факультетінің деканы,  аға оқытушы    
Исаева Күлайна Әліқұлқызы әрбір студент болашақта жан-жақты дамуына, қалыптасуына, сапалы білім алуына, ғылыммен айналысуына үлкен қоғамда бәсекеге қабілетті болуына сенім білдірді.

Барша бірінші курс студенттеріне сәттілік тілейміз!

Теги:

Оқиға категориялары