Тоқмұрзаев Бақыт Салманұлыны философия докторы (PhD) атағымен құттықтаймыз

Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми дәрежесі дипломының баламалылығын тану және философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» 2017 жылғы 7 қазандағы №1535 Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес Тоқмұрзаев Бақыт Салманұлының Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігінің шешімімен берілген тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі дипломының баламалылығы танылып, оған 6D020300 – Тарих мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Тоқмұрзаев Бақыт Салманұлын білім және ғылым саласындағы жетістігімен құттықтаймыз! Университеттегі еңбектеріңіз жемісті болып, профессор-оқытушылар мен студенттердің арасындағы абырой-беделіңіз арта берсін! Ел тарихын болашақ ұрпаққа жеткізетін ұстаздық жолындағы жетістіктеріңіз шәкірттеріңізге үлгі болары сөзсіз.

Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілей отырып, шаңырағыңыз шаттыққа кенеле берсін деген тілек білдіреміз!