Университетіміздің студенті – Қазақстан чемпионы!
- 1 view
Жеңіс құтты болсын!
Ж.Ташенов атындағы университетінің студенті Дюсебай Іңкәр – Қазақстан чемпионы!
2025 жылдың 17-22 ақпан аралығында "Дәулет" теннис орталығында өткен Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы қысқы чемпионатында Алматы қаласының атынан сынға түскен ФК 24-1к1 тобының студенті, ҚР спорт шебері Дюсебай Іңкәр үздік өнер көрсетіп, І орын иеленді!
Жеңімпаздың сөзі:
"Бұл жеңіс – тек менің ғана емес, мені қолдаған университетімнің, жаттықтырушыларымның және жанкүйерлерімнің жеңісі! Алда бұдан да биік белестерді бағындыруға дайынмын!"
Тренерлері:
Чичмарева Ирина Алексеевна
Шведова Ярослава Вячеславовна
Кураторы:
Нұржан Нұрбақыт Нұржанұлы
Университет ұжымы Іңкәрді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектестік білдіреді!