Әз-Наурыз құтты болсын!

Бес мың жылдан бері елімізге ізгіліктің шұғыласын шашып, табиғатпен үндесе мерекеленіп келе жатқан Ұлыстың ұлы күні мазмұнға бай теңдесіз мереке емес пе?. Халқымыздың аузын аққа жеткізіп, нұр тамшыларын аямай төккізіп, Самарқанның көк тасын ерітіп, жыл құстарының әнін шалқытып, табиғаты әсем, арайлы таңы алтын еліме де жасылдан көйлек кигізіп әз-Наурыз кіріп келді.
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ақ ниетпен өткен күнге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға - береке, халқымызға - игілік, мемлекетімізге - молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен
шаттық алып келсін.
Шығармашылық жұмыстарыңызды жүзеге асыруда қажырлы қызметтеріңіз әрдайым табысты болып, ойға алған барлық арман, жоспарларыңыз орындала берсін.

 

Құрметпен, «Сырдария» университетінің ректоры СД Мамраимов