Ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсы мен олимпиада жеңімпаздары

«Бастауыш білім және өнер» факультетінің студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсы мен олимпиада жеңімпаздары атанды!
Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми және практикалық кәсіби міндеттерді өз бетінше шеше алатын білікті мамандарды оқыту мен даярлаудың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. Ғылыми-зерттеу жұмысы болашақ мамандардың университетте алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын шығармашылық іске асыруға дайындығын қалыптастыруға ықпал етеді, ғылыми ізденіс әдіснамасын меңгеруге, зерттеу тәжірибесін алуға көмектеседі.
Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен дамытудың негізгі мақсаты жоғары кәсіптік білімі бар мамандардың ғылыми даярлық деңгейін арттыру және университеттің ғылыми-педагогикалық кадрларын кейіннен толықтыру үшін талантты жастарды анықтау болып табылады.
Сондықтан да «Бастауыш білім және өнер» факультетінің студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарымен өте белсенді айналысады және 2023-2024 оқу жылында төмендегі жетістіктерге жеткенін зор мақтанышпен айта аламыз. Атап айтқанда кәсіптік оқыту мамандығының студенті ПИК-21-16к2 тобының студенті Әбдікәрім Айшабибі  Баймаханқызы Жоғары оқу орындары студенттері арасында Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының ІІ университетаралық кезеңіне өтіп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында кәсіптік оқыту мамандығы бойынша XVI Республикалық пәндік олимпиадасында 4 студенттен тұратын «Томирис командасы» тағы да ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Атап айтқанда Әуес  Хадиша Сапарқызы, Әбдікәрім Айшабибі  Баймаханқызы, Мамрайм Дариға Абдіғаппарқызы. Факультетіміздің осындай белсенді студенттерін мақтан тұтамыз және әрқашанда қолдаймыз.
Ғылыми жетекшілері PhD Конакбаева У.Ж. және Алшымбаева С.Н. зор алғысымызды білдіреміз!
 

Оқиға категориялары