Университетіміздің мақтанышы – ушу спортынан Қазақстан чемпионы!

2025 жылдың 30 сәуірі мен 5 мамыры аралығында Ақтау қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында ушудан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Ташенев университетінің дене шынықтыру және спорт факультетінің 1 курс студенті Абай Айгерім жоғары нәтиже көрсетіп, 1 орынды иеленді!
Жаттықтырушысы Айгүл Меденовна мен кураторы Б.Т. Муталиевті шын жүректен құттықтаймыз!
Абай Айгерімнің бұл жеңісі – жас спортшыларға үлгі боларлық табыс. Университетіміздің студенттері алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, көк байрағымызды желбірете береді деп сенеміз!
Жеңісіңмен, Айгерім!
Саған және барлық жас спортшыларға сәттілік пен толағай табыстар тілейміз!

Оқиға категориялары