Құттықтаймыз!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Сіздерді бүгінгі алғаш рет аталып өткелі жатқан «1 қазан – Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлер күні» кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жоғары білім саласы – ел ғылымы мен білімінің қарқынды түрде дамуына айрықша әсер ететін қозғаушы күш. Бұл ретте жоғары оқу орындары қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өту - білім беру ортасын қалыптастырудағы, ғылымды дамытудағы маңыздылығын айшықтап, жоғары білім беру саласындағы мамандардың беделін көтеруде ықпалды рөл атқармақ.
Алдағы уақытта да еліміздің рухани және интелектуалдық әлеуетін дамытуға зор үлес қосып, білім саласында нәтижелі жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспін.

Құрметпен,
Ж.Тәшенев университетінің ректоры, т.ғ.к, профессор - Байболов Қанат Сейтжанұлы