Білімді таңдау – табысты болашаққа апаратын жол!

Algabas

PDF

Әр адамның өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі – білім мен болашақ мансабын таңдауға қатысты шешім қабылдау. Бұл шешім мұқият, ойластырылған және теңгерімді көзқарасты талап етеді, себебі ол адамның кәсіби болашағын айқындайды. Университетте білім алу – бұл тек жаңа білім мен дағдыларды игеру ғана емес, сонымен қатар өз мүмкіндіктеріңізді толық ашуға жол ашатын үлкен мүмкіндік. Университетте оқу, ең алдымен, сіздің таңдаған салаңыз бойынша терең білім алуға мүмкіндік береді. Бұл білім еңбек нарығында сұранысқа ие маман болуға және кең мансаптық перспективаларға жол ашуға ықпал етеді. Теориялық білімді игеру – бұл тек академиялық табыстың негізі емес, сонымен қатар кәсіби дамуыңыздың алғышарты. Университетте оқу – тек оқулықтармен шектеліп қалмай, нақты практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған процесс. Әртүрлі жобаларға қатысу, топтық жұмыстар, нақты жағдайлар мен мәселелерді шешу студенттерге заманауи әлемде қажетті әмбебап дағдыларды игеруге мүмкіндік береді. Бұл тәжірибелер болашақ кәсіби өмірде аса маңызды рөл атқаратын дағдыларды қалыптастырады. Университет студенттері үшін әр түрлі адамдармен, болашақ әріптестермен және достармен кездесуге тамаша мүмкіндік болып табылады. Бұл әлеуметтік байланыстар, өз кезегінде, болашақ мансаптың негізі мен жеке өміріңіз үшін маңызды ресурс бола алады. Университетте оқып жүріп, көптеген жаңа адамдармен танысып, олармен болашақта кәсіби салада тығыз байланыс орнатуға болады. Университет студенттерге ғылыми жобаларға қатыс мүмкіндігін ұсынады.

Бұл тек білімін тереңдетуге емес, сонымен бірге ғылым мен технологияға өз үлесіңізді қосуға мүмкіндік береді. Ғылыми зерттеулерге қатысу, жаңа идеялар мен шешімдер ұсыну – бұл сіздің кәсіби дамуыңыз бен қоғамға деген жауапкершілігіңіздің айқын көрінісі болады. Университетте оқу әлемдік мәдениетке енуге мүмкіндік береді, тәжірибені байытып, ой-өрісін кеңейтетін тәжірибе алмасу бағдарламалары мен шетелде тағылымдамадан өтуді ұсынады. Университетте оқу тек білім алуға ғана емес, сонымен қатар өз болашағыңызға салынған инвестиция болып табылады. Білім – бұл өзіңізді дамыту, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу, өзіңізді таныту үшін тиімді құрал. Болашақта табысты болу үшін жасалған бұл қадам сізге үлкен жетістіктер әкеледі. Құрметті талапкерлер, сіздерді Ж.А.Тәшенев атындағы университетте білім алуға шақырамыз!

Мұнда сіздер жоғары деңгейдегі академиялық бағдарламалармен, тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамымен, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби дамуға арналған бірегей мүмкіндіктермен танысасыздар. Бұл университетте оқу сіздің болашағыңызға бағытталған маңызды қадам болмақ. Ж.А.Тәшенев атындағы университет заманауи еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін білім беру бағдарламаларын ұсынады.

Бұл бағдарламалар түрлі салалардағы соңғы трендтер мен өзгерістерді ескере отырып жасалған және сіздің болашақ маман ретінде кәсіби даму жолыңызды айқындайды. Университетте білім беру өз саласының білгірлері – біліктілігі жоғары профессор-оқытушылардың жетекшілігімен жүргізіледі. Олар сіздің білім алу жолыңызда қолдау көрсетіп, кәсіби тәжірибелерімен бөліседі, әрі өз әлеуетіңізді ашуға көмектеседі. Университет заманауи оқу дәрісханалармен, зертханалармен және кітапханамен жабдықталған. Бұл оқу мен зерттеуге қолайлы жағдай жасайды. Оқу орны практикалық дағдыларға үлкен мән береді. Білім алушылар жобаларға қатысады, табысты компанияларда тағылымдамадан өтеді және оқу кезінде нақты жұмыс тәжірибесін алады. Ж.А.Тәшенев атындағы университетінің «Экономика және басқару» кафедрасы студенттерге бизнес, басқару және құқық салаларындағы заманауи білім мен дағдыларды меңгертуге бағытталған түрлі білім беру бағдарламаларын ұсынады. Университетіміздің мақсаттары мен міндеттері жоғары оқу орнынан алған білімді тек теориялық қана емес, нақты практикалық дағдылармен ұштастыру арқылы сізді жұмыс әлеміне дайын болуға көмектеседі. Кафедрада төмендегідей білім беру бағдарламаларын дайындайды: 6В04101 - «Есеп және аудит» 6В04102 - «Қаржы» 6В04103 - «Экономика» 6В04104 - «ІТ менеджмент» 6В04105 - «Іскерлік әкімшілік» 6В04106 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» 7М04101 - «Экономика» 7М04106 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» Кафедрада 6В04105 - «Іскерлік әкімшілік» білім беру бағдарламасы ағылшын тілінде оқытылады және тағлымдама шетелдік жоғары оқу орындарында жүргізіледі. Бұл бағдарламалар экономика саласында терең білім мен дағдыларды игеруге бағытталған. Әрбір бағдарлама еңбек нарығында сұранысқа ие болашақ мамандарды дайындайды әрі әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша мансаптық мүмкіндіктерді кеңейтеді. Кафедра оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, студенттердің кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, мансаптық амбицияларын жүзеге асыруға көмектеседі. Құрметті талапкерлер, сіздерді Ж.А.Тәшенев атындағы университетінің білім мен мүмкіндіктер әлеміне шақырамыз! Біздің университет жоғары сапалы білім, инновациялық бағдарламалар және сіздің кәсіби дамуыңызға қолдау көрсететін қолайлы атмосфера ұсына отырып, болашақ студенттерін құшақ жая қарсы алуға дайын. Сіздерге оқу үдерісінде академиялық және практикалық тәжірибе, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шетелдік тағылымдамалар арқылы жеке және кәсіби дамуға арналған барлық қажетті мүмкіндіктер ұсынылады. 


Ержан Амангельдиевич, Ж.А.Тәшенев университетінің «Экономика және басқару» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары