Сырдария университеті және Тәуелсіздіктің жемісі

Рейтинг №48 (650)

Оқу орнында цифрлық дәуірде ұлттық даму тақырыбында форум өтті

2021 - елдігіміз бен мемлекеттігіміздің дамуындағы ерекше тұғырлы жыл. Еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып, енді төртінші онжылдыққа қадам басқалы тұрмыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халықына арнаған Жолдауында атап көрсеткендей, «Тәуелсіздік - біздің ең қастерлі құндылығымыз!». Биыл бүкіл еліміз бойынша аталып өтіліп отырған осынау ең үлық мерекеміз - Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің 30 жылдығы Мырзашөл өңірінде, оның рухани қазынасына айналып отырған бірегей оқу ордасы «Сырдария» университетінде де жалғасын табуда. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында университетімізде 24-27 қараша күндері 4 күнге созылған «Тәуелсіздікке 30 жыл: жаңа цифрлық дәуірде үлттық дамудың үтымды жүйесін дамыту» атты халықаралық форум болып өтті.


Форум «Тәуелсіз Казақстан: заманауи білім әлеуеті мен жетістіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямен ашылды. Конференцияны университет ректоры, философия докторы Бақыт Тоқмырзаев ашты. Тәуелсіздікке арналған форумның ашылуымен шетелдік және отандық ғалымдар университет ұжымын және оның басшылығын құттықтады. Атап айтқанда, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Кротт Иван Иванович, И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Толобек Абдырахманов, Ташкент облысы Шыршық мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Гафурджан Мухамедов, Тверь мемлекеттік университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Ирина Ольга Юрьевна, «Болашақ» университетінің ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Қуаныш Дәуренбеков және «Акдениз» университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Омир Займоглу өздерінің ақ-жолтай құттықтаулары мен жылы лебіздерін білдірді.
Осыдан соң конференцияның ашылу жиынына қатысқан спикерлер баяндама жасады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменей «Тәуелсіздік және білім беру кеңістігі» атты тақырыпта баяндама жасады. Ресей Федерациясының Омбы қаласынан қатысқан спикер, «Халық өнері жоғары мектебі (академия)» Омбы филиалының директоры Алексей Душкин «Духовно-нравственный потенциал традиционного прикладного искусства» деген тақырыпта қызықты баяндама жасады. Конференция соңын «Сырдария» университетінің «Отан және шетел тарихы» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Мырзабай Мейірбеков «Тәуелсіздік және «Мәңгілік Ел» идеясы: қундылыққтары мен тагылымы» атты баяндамасымен түйіндеді. Қорытындылаған университет ректоры Бақыт Тоқмырзаев қатысушыларға алғысын білдіріп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
«Білімді цифрландыру адами капиталды дамытудың қөзғаушы күші» атты секциялық мәжілістің модераторы, философия докторы Мұратбек Нұрбек болды. Секциялық мәжілісте педагогика, білім беру жүйесін дамытуға байланысты өзекті де маңызды мәселелер сөз болды. Мәжілісте отандық және шетелдік ғалымдар зерттеу тақырыптарының төңірегінде қызықты баяндама жасады.
Сонымен бірге «Кұқықтық, экономикалық аспектілер және цифрландыру» атты секциялық мәжіліс өтті. «Кұқық және экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен бұл мәжілісті заң ғылымдарының кандидаты, доцент Советжан Ынтымақов жүргізді. Мақсаты экономиканың даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану арқылы халықтың өмір сұру сапасын жақсарту болған бұл секциялық мәжілісте де маңызды мәселелер көтерілді. Түрлі университет ғалымдары баяндама жасап, бүгінгі ғылым мен заңдағы өзекті тақырыптардағы зерттеуін ортаға салды. Спикерлерге қосымша сұрақтар қойылып, оған жауап берілді. Қатысушылар өзекті мәселелерді көтеріп, жоғары дәрежеде өткен секциялық мәжіліске өз алғыстарын білдірді.
Форумның екінші күнінде де өте қызықты да өзекті мәселелерді көтерген іс-шаралар болып өтті. Мысалы, «Ұлт қайраткері, ұлттық рухтың ұраншысы - Өзбекәлі Жәнібековтыц тұганына 90 жыл» атты вебинар болды. Вебинардың модераторы «Сырдария» университетінің ғалым-хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ләззат Әбенова болды. Алғашқы болып сөз алған белгілі қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Мырзатай Жолдасбеков өзінің Өзбекәлі Жәнібеков туралы жазған «Есте цалган естеліктерімен» бөлісті. Өзбекәлі Жәнібековтің ешкім біле бермейтін кейбір мінез-құлықтары мен адами, ізгі қасиеттері жөнінде сыр шерткен ғалымның қызықты да тағылымды әңгімесі көпшілікті жақсы әсерге бөледі. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Құлбек Ергөбек «Өзбекәлі Жәнібеков - улттық рухтың ұраншысы» атты баяндамасында көрнекті тұлғаның ұлт руханиятына сіңірген еңбегі мен оның тарихи маңызына тоқталды. Белгілі өзбекәлітанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Баян Адырбек «Этнограф, галым Өзбекәлі Жәнібековтың ғылыми мұралары» атты баяндама жасап, онда тұлғаның өмірі мен шығармашылық мұраларына, оның ғылыми, тарихи маңызына жан-жақты тоқталды. Көрнекті тұлғаның өз кіндігінен тараған немересі, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы қордың президенті Әзел Жәнібек әйгілі атасының өмірі мен мұралары жайлы қызықты тың деректермен бөлісті. Әзірет Сұлтан мемлекеттік қорық мұражайының Ғылыми-зерттеу бөлімі басшысы Серік Байболов «Әзірет Султан мемлекеттік қорың мұражайының экспозициясын жасақтауда Ө.Жәнібековтыц сіңірген еңбегі» деген баяндамасында осы мұражайды тарихи жәдігерлермен жасақтаудағы ғалымның теңдессіз еңбегін сөз етті. Спикерлер кейбір қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Соңында модератор қатысушыларға өз алғысын білдіріп, вебинарды қорытындылады.
Форумның үшінші күні жас ғалымдар мен болашақ ғалымдарға берілді. «Таланттар фабрикасы» атты дарынды жастардың республикалық жас суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Көрме жетекшісі «Сырдария» университетінің аға оқытушысы, ғылым магистрі Нұрбек Тастеков болды.
Форумның соңғы күні «Syrdarіуа Sport» балалар спорт кешені салтанатты түрде ашылды. Қазіргі кезеңде елімізде адами капиталды дамытуға үлкен көңіл бөлініп отырғаны белгілі. Ол үшін халыққа сапалы білім ғана емес, мықты денсаулық та қажет. Ал, дені сау ұлт қалыптастыруда спорттың маңызды орын алатындығы белгілі. Сондықтан ел спортын дамытудың маңызы зор. Осы бағытта өзі де спорт ардагері болған академик Оңалбай Аяшевтың Жетісай қаласының ортасынан балаларға арналған «Syrdariya Sport» кешенін ашуі өңір спортын дамытудағы маңызы өте зор оқиға. Спорт кешенінің ашылуіна еліміздің күрес спортының Қажымұқаннан кейінгі алыбы, UWW Asіа (Біріккен күрес әлемі - Азия) президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері Дәулет Тұрлыханов, Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы, Мақтарал ауданының әкімі Бақыт Асанов және Жетісай ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Тұрсынбай Мырзалиев қатысып, өздерінің ақжарма тілектерін білдірді.
Халықаралық форумды қорытындылау мақсатында «Ұлттық дамудың ұтымды жүйесін ныгайту» атты дөңгелек үстел болып өтті. Оның модераторы «Сырдария» университетінің Президенті, Даму ғылымдарының философия докторы Серік Оңалбайұлы болды. Тәуелсіздік форумын қорытындылаған бұл жиынды педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Оңалбай Аяшевтың өзі алғысөзбен ашты. Форумның қорытынды жиынында химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Президенті Мұрат Жұрынов, Кембридж университетінің (Ұлыбритания) профессоры, философия докторы Сиддхарт Саксена, Оңтүстік Қазақтан мемлекеттік педагогикалық университетінің басқарма төрайымы - ректор Гүлжан Сүгірбаева, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, белгілі қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академии, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылым академиясының вице-президенті Кәрімбек Құрманәлиев, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Өнер және Петров академиясы ғылымдарының академигі, ЖБ ФМББМ Омбы филиалы «Халық өнері жоғары мектебі (академия)» директоры Қайыртай Амиргазин, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, ҚР Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібаев және «Сырдария» университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Гульнара Ахметова Тәуелсіздік форумының сәтті өтуімен құттықтап, «Сырдария» университетінің басшылығы мен ұжымына және студент-жастарына толағай шығармашылық табыстар тіледі.
«Сырдария» университеті - Түркістан облысындағы аймақ тұрақтылығының кепілі. Университет - Тәуелсіздіктің жемісі. «Сырдария» университетінің профессор-оқытушылары мен студенттері отандастарымызды Елбасы анықтап берген «Елдіктің жеті тұғыры» мен Жолдауды қолдауға және белгіленген міндеттер мен іс-шараларды бірлесе атқаруға шақырады! Ұлы даланың жаңғыру мен жаңару жолындағы, жаңа кезеңіндегі биіктерін бірге бағындырайық!

Мырзабай МЕЙІРБЕКОВ, «Сырдария» университетінің «Филология және гуманитарлық білім» факультетінің деканы.
 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.

Оқиға категориялары