«Жас маман – болашаққа бас қадам» тікелей эфиріне шақырамыз!

Ж. Тәшенев университетінің студенттері мен жас түлектері үшін ерекше мүмкіндік! 13 мамыр күні сағат 12:00-де @tashenev_mansap Instagram парақшасында тікелей эфир өтеді. Эфир барысында жұмысқа орналасу жолдары, мансапты дұрыс жоспарлау, және еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктер туралы маңызды ақпаратпен бөлісеміз.

Спикерлер:
• Жаннат Бақытжановна Оспанханова — Шымкент қаласы әкімдігі Еңбек мобильдігі орталығының Қаратау ауданы бойынша мансап орталығының басшысы.
• Роза Орынбасаровна Халикова — Ж. Тәшенев университеті Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының басшысы.
Жас маман ретінде болашағыңызды қалай дұрыс бағыттауға болатынын білгіңіз келсе, осы эфирді өткізіп алмаңыз!

Күні: 13 мамыр
Уақыты: 12:00
Платформа: Instagram @tashenev_mansap 

 

Оқиға категориялары