"Шын жүректен" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

Жастар бұл мереке арқылы "Жан жылуы" бағдарламасының кейіпкері, көмекке мұқтаж жанның бірі 12 жасар Серік Жанеркеге жылулық сыйлады.

Мерекелік кешке Ақбаян Сапарбайқызы Серік Жанеркемен бірге қатысып, іс-шараны бірге тамашалады.

"Шын жүректен" қайырымдылығына жиналған қаражат Серік Назеркеге табыс етілді. Игі бастаманы қолға алған егемен еліміздің жастары Назеркенің жанына саулық тіледі.

Түлекпен жүздесу

Бүгін университет жастары оқу орнының түлегі, қазіргі Қазақстан Ұлттық телеарнасындағы "Жан жылуы" бағдарламасының тележүргізушісі Ақбаян Сапарбайқызымен кездесті. Сонымен қатар, Ұлттық арнадағы "Бірге таңдаймыз" бағдарламасын жүргізген, бүгінде "Қазақстан-Орал" телеарнасындағы "Нұрбигүлмен сырласу" бағдарламасының тележүргізуішісі, актриса Нұрбигүл Сағындыққызы студент-жастардың асыға күткен қонағы болды.

Сыртқы бақылау аудиті өткізілді

Биылғы оқу жылының 5-6 қарашасында университеттің сапа менеджменті жүйесін халықаралық ISO 9001:2008 стандартынан ISO 9001:2015 жаңа нұсқасы талаптарына өтуіне сәйкес сыртқы бақылау аудиті өткізілді. Бақылаудың алғашқы күні ашылу жиналысымен басталып, онда сыртқы аудитті өткізудің мақсаты, жаңа стандарттың ерекшеліктері, аудит бағдарламасы мен мерзімдері, аудиторлар тобы таныстырылды.

"Өнер" факультетінің студенттері "QazGenius World" зияткерлік және шығармашылық даму орталығы ұйымдастырған конкурстарға қатысты

"Өнер" факультеті дизайн мамандығының студенттері Тұрсынхан Гүлбану мен Сейдулла Қазына Алматы қаласындағы "QazGenius World" интеллектуалдық және шығармашылық даму орталығының ұйымдастыруымен өткізілген "Путешествие в лето!" атты байқауға қатысып, Тұрсынхан Гүлбану 3 орын иегері атанды.

"Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылым академиясы" қоғамдық қорының ІІІ Халықаралық сурет "Дыхание осени - 2018" байқауына қатысқан Сейдулла Қазына 2 орынды иеленді.

Профессор ғылыми атағы берілуімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

"Сырдария" университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Дайырбеков Серік Сансызбайұлына ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің "Ғылыми атақ беру туралы" 2018 жылғы 30 қазандағы № 1774 Комитет төрағасының бұйрығымен 13.00.00 – Педагогика мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

Ән және сән шеруі

Университеттің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп отырған іс-шаралар легі толассыз. Соның бір көрінісі жыл сайын өткізілетін – "Ән және сән шеруі" атты шығармашылық кеш. Бұл дәстүр бүгін де жалғасын тапты.

Қарттарға қамқорлық – жастардың парызы

Бүгін "Сырдария" университетінің белсенді жастары Жетісай қаласындағы жалғыз басты қарттарға қамқорлық көрсетті. "Гуманитарлық білім", "Өнер", "Жаратылыстану және математика" факультетінің студент-жастары жалғыз басты қарт ана Қантөреева Зулфия әжейдің шаңырағына барып, қолғабыс жасады. Үй іші мен ауласын тазалап, ас-суын әзірледі, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Игі бастамаға мұрындық болып, іске асырған жастарға қарт әже батасын беріп, алғысын білдірді.

"Жастар саясаты" орталығының ашылуы өтті

Жастар қоғамның қозғаушы күші және әрбір ортаның дамып жетілуі, өркендеуі осы жастардың ықпалымен іске асады. Ауданның бірегей оқу орнында білім алып, еңбек етіп жүрген жастардың басын қосып отырған "Сырдария" университетінің "Жастар" бөлімі деп атауға толық негіз бар.

Қамқорлық жәрмеңкесі

"Жастар саясаты" орталығының ұйымдастыруымен бүгін "Қамқор бол!" атты қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті. Студенттер әзірлеген тағамдар мән тәттілер жәрмеңкесіне профессор-оқытушылар да атсалысты.

Жәрмеңкеден түскен қаражат көмекке мұқтаж жандар мен әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға жұмсалады.

Жастардың игі бастамасы көпшіліктің көңілінен орын алды. Сондықтан бұл шара алдағы уақытта да жалғасатыны анық.

Оқушылар оқу орнына келді

"Сырдария" университетінің 20 жылдық тарихындағы жетістіктері көпшіліккке мәлім. Соның бір айғағы – университет мұражайы. Мұражай 2017 жылы оңтүстік өңірдің турситтік маршрутына енген болатын. Тарихи кезеңдерен дерек беретін нысан бүгінде Жетісай өңірінің ғана емес, шалғайда жатқан аудандардан келушілердің де назарын аударды.

Оқиға категориялары