Университетімізде "Бұрымды қыз" сайысы өтті

Қазақ қыз десе, беті ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді. Құлағымызға шолпының сыңғыры елестейді. Қазіргі қыздарға тән ұзын шаш жойылып кеткен жоқ, қайта көбейіп келеді. Осыған орай, университетімізде "Гуманитарлық білім" факультетінің топ басшыларының ұйымдастыруымен, "Бұрымды қыз" атты факультетаралық сайыс өтті. Бұл сайыста 9 ару (Манешова Гауһар, Ізбасхан Алмагүл, Қосанова Ақбаян, Қадыр Ақтолқын, Шалқар Балжан, Құрмаш Құрбанкүл, Жүзжігіт Гүльназ, Әшірбай Салтанат, Ахмет Әсем) бақ сынасты.

Профессор ғылыми атағы берілуімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

"Сырдария" университетінің "Педагогика және психология" кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы Мұсабекова Гүлнар Тәжібайқызына ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің "Ғылыми атақ беру туралы" 2019 жылғы 27 ақпандағы №201 Комитет төрағасы міндетін атқырушысының бұйрығымен 13.00.00 – Педагогика мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

Ұлы тұлғалармен кездесуы

Ақпан айының жиырма сегізінші жұлдызында оқушыларға болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру, мектеп өмірінің студенттік кезеңнен айырмашылығын көрсету мақсатында, университетіміздің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Абенова Ләззат Усманқызының ұйымдастыруымен, "Ұлы дала тұлғалары" атты кездесу болып өтті.

Университетімізде "Sanaly urpaq" жобалық кеңсесінің ресми ашылуы болды

Бүгін "Сырдария" университетінде "Sanaly urpaq" жобалық кеңсесінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Аталған жобалық кеңсенің ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы Жүндібаев Ғабит Өмірәліұлы келді. Кеңсенің ашылу салтанатында Ғабит Өмірәліұлы мен университетіміздің ректоры Серік Сансызбайұлы ашылу лентасын қиды.

Университетімізде "Жүректен жүрекке!" атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

"Жанашырлыққа жан риза" дегендей, бүгін университетімізде Жастар бөлімі, "Елбасы серіктестері" еріктілер ұйымының ұйымдастыруымен, "Жүректен жүрекке!" атты қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті.

Қайырымдылық жәрмеңкесі жастарды адами қарым-қатынас сезіміне тәрбиелеу, көмекке зәру жандарға мейірімділік пен жанашырлық таныту, оларды рухани тұрғыда қолдап-қуаттау мақсатында өткізілді. Жәрмеңкеде түрлі тіл үйіретін тәтті-тағамдар мен сусындар ұсынылды. Жәрмеңкеден түскен қаражат көмекке мұқтаж жандарға жұмсалатын болды.

Университетімізде қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті

Қайырымдылық жасау – ұлтымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Ұлтымыздың ұлағатты ісін жаңғырту орайында 25 ақпан күні "Сырдария" университетінде "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының 3-курс Қт-16 тобының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Қт-16 тобының студенттері өздері дайындаған түрлі тағамдар мен сусындарды арзан бағада ұсынды. Жәрмеңкеге университеттің студенттерімен қатар, профессор-оқытушылар да келді. Жәрмеңкеден 20 500 теңге табыс түсті.

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Қазақ отбасында маңызды мәселелердің бірі – тәрбие. Ата-ананың міндеті – жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе, қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Осыған орай "Сырдария" университетінде кітапхана бөліміндегі Досыбекова Оразкүлдің ұйымдастыруымен, "Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі" атты танымдық іс-шара болып өтті. Іс-шараны Био-18 тобының студенті Турманова Асем жүргізіп, "Ар-намысты биік ұстайық" атты слайд көрсетуден бастады.

Университет басшылары семинарға барып қайтты

15 ақпан күні №10 "Қайнар" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Менің таңдауым – менің болашағым" тақырыбында семинар болып өтті. Семинарға қонақ ретінде "Сырдария" университетінің профессор-оқытушылары Тұрар Алипбаев, Мұратбек Нұрбек, Ләззат Абенова барып қайтты. "Сырдария" университетін бітіріп шыққан 40 түлек, қазіргі таңда осы мектептің білікті де білімді ұстазы болып отыр. Семир қонақтарды қарсы алудан бастап фойеде көрме көрсетіліп, мектеп тарихымен таныстырылды.

Университет ректоры 1-курс студенттерімен кездесті

14 ақпанда "Сырдария" университетінің "Қазақстан" студенттер сарайында оқу ордамыздың ректоры С.С. Дайырбеков пен барша бірінші курс студенттерінің кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты – оқу орнының табалдырығын кеше ғана аттаған жастардың студенттік өмірге бейімделуіне қолғабыс ету, көкейлеріндегі сауалдарға жауап беру. Студенттерді ЖОО-дағы білім беру үрдісі, мамандықтары бойынша болашақта жұмыспен қамтамасыз етілуі, тәжірибеден өту мүмкіндіктері, сондай-ақ, тұрмыстық және әлеуметтік сипаттағы мәселелер қызықтырды.

"Ерлікке тағзым" атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

11 ақпанда "Сырдария" университетінде "Ерлікке тағзым" атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу болып өтті.

Мақсаты – Отан алдындағы жауынгерлік борышын өтеу барысында жат жерде жан тапсырып, құрбан болған боздақтардың есімдерін халық жадында мәңгілік қалдыру және Ауған соғысы ардагерлерін халқымызға, оның ішінде жастарға насихаттап, егемен еліміздің жас ұрпағы алдыңғы ағалар жолының ерлік шежіресімен таныстыру, оларды отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеуге үлес қосу болып табылады.

Оқиға категориялары