Француз тілі студенттеріне арналған ашық онлайн сабақ

21 қазан күні 5В011900 - «Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы бойынша ШТ-18 тобының үшінші курс студенттерімен «Passй composй» тақырыбында «Екінші шетел тілінің практикалық курсы (A1, A2 деңгейлері)» тақырыбында ашық онлайн сабақ өткізілді. 

Сабақты «Шетел тілдері» кафедрасының оқытушысы Даулет Г.М.

Ашық сабақтарын материадары: https://cloud.mail.ru/public/3pXY/2mrPisAuq
Бейнематериалдары: https://youtu.be/L_pOpoK46zI
 

SU Talks: Жастар және XXI ғасырдағы білім

SU Talks - бұл әр түрлі салада өзін дамытуға, сондай-ақ мотивация мен рухани серпіліс алуға мүмкіндік беретін жоба.
21 қазан күні ZOOM платформасы арқылы, онлайн форматта "Жастар және XXI ғасырдағы білім" тақырыбында кездесу өтті. 


Спикер "XXI ғасыр педагогы" Республикалық байқауының жүлдегері Нұржан Сапарханұлы. 


Өзінің білім мен ғылым жолындағы тәжірибесін ескере отырып, қазіргі дәуірдегі жастардың рөлі туралы өз ойымен бөлісті. 

"Сырдария" университеті тәлімгерлерінің онлайн кездесуі

2020 жылдың 22 қазан күні сағат 11:00-де ZOOM платформасы арқылы, оқу ордамыздың тәлімгерлерінің онлайн форматтағы кездесуі өтеді. 


Басты тақырып, 2020-2021 оқу жылындағы университеттегі тәрбие жұмыстарын жандандыру мәселелері талқыланады. 


Кездесуге факультет декандары, тәлімгерлер, кафедра меңгерушілері қатысады. 


Онлайн кездесу Zoom бағдарламасымен өтеді.


Идентификатор: 375 174 0323, пароль: 878787.
 

Ағылшын тілінің оқытушыларын «Teaching and Learning Online in Tertiary» тегін вебинар тренингіне шақырамыз.

2020 жылдың 27 қазанында “InterPress Distribution” ЖШС-нің әдістемелік және консультациялық бөлімі Oxford University Press баспасының қолдауымен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Teaching and Learning Online in Tertiary» атты тегін әдістемелік онлайн-веб-тренинг ұйымдастырады.

Вебинар-тренинг екі сессиядан тұрады (әр сессияға 60 минут).

Вебинардың уақыты - 16.00-ден 18.00-ге дейін.

«SU Talks: Жастар және XXI ғасырдағы білім» еркін пікір алаңы

Сіздерді көптен күткен жаңалықпен қуантуға асықпыз, жақында, дәлірек айтсақ, 21 қазанда, осы сәрсенбіде біздің алғашқы толыққанды SU Talks іс-шарасы өтеді!

SU Talks - бұл әр түрлі салада жетістікке жеткен адамдар туралы білуге, әр түрлі салада өзін дамытуға, сондай-ақ мотивация мен рухани серпіліс алуға мүмкіндік беретін жоба.

"Welcome party 2020" 1 курс студенттерін қабылдау кеші

Міне, осы жылдың басты оқиғаларының бірі дәстүрлі -Welcome Party 2020 кеші тікелей эфирде өтті.


Осы күннен бастап біздің бірінші курс студенттеріміз ресми түрде студент атанды.


Іс-шараға қатысқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

"Алтын тобылғы" байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

Дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесіне байқау өткізу Ережесі

1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Нурсултан Назарбаевтін Қоры тағайындаған «Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесін (бұдан әрі - Жүлде) беру тәртібін белгілейді. 
2. Жүлденің мақсаты - қазіргі заманғы Қазақстанның көркем әдебиетін дамыту, қолдау көрсету және насихаттау.
3. Жүлденің міндеттері:
1) жаңа ұрпақтың қазіргі заманғы көркем әдебиеттегі өмірлік философиялық қағидаттарын бейнелейтін жас қазақстандық қаламгерлерді анықтау және көтермелеу;

МЫРЗАШӨЛ ЖАСТАРЫ ЭКСКУРСИЯҒА БАРДЫ

Мақтаарал және Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Түркістан облысының тарихи-мәдени, табиғаты ерекше жерлерді таныстыру мақсатында «Өлкетану» жобасы аясында орта ғасырлық қалашыққа жастар экскурсияға барды.

Жетісай және Шардара аудандарының ортасында орта ғасырда бой көтерген қалашық суда қалған ескі Үтір төбе маңында ортағасырлық тағы бір қала болған.

Оқиға категориялары