Маңызды кездесу

27 қыркүйек 2021 жылы «Сырдария» университетінің бас оқу ғимаратында «Құқық және экономика» кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д. профессор Жандарбек Б.А., «Заңтану және экономика» факультетінің деканы з. ғ. к., қауым. профессор Ынтымақов С.А. және аға оқытушы ғ.м. Ихласова М.Ж қатысуымен 1 курс студенттерінің ата-аналарымен кездесу болып өтті. Кездесу барысында студенттер мен ата-аналарға университеттің ішкі тәртіп ережелері түсіндіріліп, оқу процесі жайлы толық ақпарат берілді, соның ішінде сабаққа қатысу барысы мен үлгерімі, төлемақы мәселесі, студенттерді жатақханаға орналастыру және пандемияға байланысты дәрістердің өтілу тәртібі егжей-тегжейлі таныстырылды.

Оқиға категориялары