Айдархан Өтенұлын еске алу турнирі өтті
- 1 view
Аудандық қоғамдық-саяси газеті
Осы аптада «Сырдария» университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Мақтаарал ауданының құрметті азаматы, ҚР-ның спорт қайраткері Утанов Айдархан Өтенұлын еске алуға арналған университет профессор-оқытушылар құрамы арасында кіші футбол жене волейболдан турнир өтті.
Турнир мақсаты - университет қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын ұстанатындардың қатарын арттыру, спортқа деген қызығушылықтарын ояту және бұқаралық спортты дамыта отырып, дене шыныктыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Сонымен қатар көптеген спорт жарыстарына демеуші болған, кең жүректі елінің болашағын ойлаған Айдархан Утановтың өмір жолдарын жастар арасында насихаттап ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.
Волейболдан өткен турнир қорытындысында:
1- орын - «Филология және Гуманитарлық білім» факультеті;
2- орын - «Жаратылыстану» факультеті;
3-орын - «Дизайн және өнер» факультеті;
4 - орын - «Бөлімдер»;
5- орын - «Қуқық және экономика» факультеті;
Футбол турнирінің нәтижесі:
1- орын - «Бөлімдер»;
2- орын - «Дизайн жене өнер» факультеті;
3- орын - «Жаратылыстану» факультеті;
4- орын - «Филология және гуманитарлық білім» факультеті;
5- орын - «Құқық және экономика» факультеті иеленді.
Дәл осындай спорттық шараларға қатысып, өнер көрсету - біздер үшін үлкен мәртебе. Турнир достығымыздың беріктігін тағы бір мәртедәлелдеді. Оның болашақтағы бірлескен жұмысымыздың нәтижелілігіне де пайдасы зор деп есептейміз. «Спорттық шаралар келер жылы да өз жалғасын табады деген сенімдеміз», - деді турнирге қатысушылар.
Турнир соңында жеңімпаз командалар мен жекелеген үздік ойыншыларға сыйлықтар тапсырылды.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу